«Жарқын болашақтың» жеңімпаздары
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№2 «Білім-инновация» лицей-интернатында» «Жарқын болашақ» Х республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани мұраларын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін, дүниетанымын арттыру.
Олимпиада қазақ және өзге ұлт өкілдері арасында «Сөз шеберлері» «Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Жас ғалымдар», «Әнші-бұлбұлдар» тақырыптарында 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды.
«№1 «Білім-инновация» лицей-интернатымен» бірлесе отырып өткізілген олимпиаданың «Жас ғалымдар» номинациясына – 22, «Әнші-бұлбұлдар» бағытына – 32, «Тілші-әдебиетшілерден» – 30, «Сөз шеберлеріне» – 34, «Жазушылар» номинациясына 28 оқушы, жалпы саны 146 оқушы бақ сынасты.
«Жас ғалымдар» айдарының басты мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты белгілі бір өзекті, тың тақырыпты қазақ тілінде ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеп, тіл табиғатын сақтай отырып жеткізу. Аталмыш сайыс оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау қабілеттерін, сөз саптау дағдыларын жетілдіруге, ізденімпаздыққа баулуға бағытталған.
«Әнші-бұлбұлдар» бағытының мақсаты – халық әндері мен қазақ сазгерлерінің туындыларын насихаттау. Қатысушылар ұлттық құндылықтарды жырлайтын әнді таңдай отырып, оны нақышына келтіріп орындауы керек.
«Жазушылар» байқауының мақсаты – жасөспірімдерді ұлтжандылық, ерлік, қаhармандық рухта тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру,
«Сөз шеберлері» байқауының мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтандыру, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру.
«Тілші-әдебиетшілер» сайысының мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру, танымдық қабілеттерін шыңдау.
Осы күні Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Райхан Келбетоваға «Тіл жанашыры» номинантын табыс етті. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша жүлделі І орынды Абай ауданы, Дубовка ЖББМ-нен А.Қырықбай қанжығасына байлады. ІІ орынды Қарқаралы қаласының №1 мектебінен Г.Ілияс пен Теміртау қаласының №15 гимназиясынан І.Шайзов, ІІІ орынды Нұра аданының №2 ОМ Ж.Шынбергенова, Приозерск №2 ОМ А.Исмаилова және «Дарын» ММИ-нан Н.Рахимова иеленді.
Өзге ұлт өкілдері арасынан І орын Шахтинск қаласының №1 гимназиясынан И.Кулыгинге бұйырса, ІІ орынды Абай қаласының №14 мектеп-лицейінен К.Соломатин мен Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ОМ-нен Л.Крывец, ал, ІІІ орынды Саран қаласының №17 ОМ-нен С.Абдуллаева, Теміртау қаласының №17 ОМ-нен К.Попоян мен №2 БИЛ-нен Р.Жалелова жеңіп алды.
«Жас ғалымдар» сайысының қорытындысы бойынша қазақ тобынан І орын Н.Нұрмақов атындағы ММИ-нан А.Оразақ озып шықса, ІІ орын Шет ауданының С.Мұхамеджанов атындағы ОМ-нен Ә.Төлеухан мен Жаңаарқа ауданының Ынтымақ ОМ-нен М.Берікқызына бұйырса, ІІІ орынды Ақтоғай ауданының К.Бәйсейітова атындағы ОМ-нен А.Сейтмұхамбет, Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінен Т.Сессиева мен Қарағанды қаласының №66 мектеп-лицейінен Ә.Исағулова және Нұра ауданының С.Сейфуллин атындағы ОМ-нен М.Серікова алды.
Аталмыш номинация бойынша өзге ұлт өкілдерінің арасынан І орын Қарағанды қаласының №38 гимназиясынан Д.Алексеенко иеленсе, ІІ орын Шахтинск қаласының №6 ОМ-нен Н.Долгий және Осакаров кентінің №1 ОМ базасындағы тірек мектебінен (ресурстық орталығы) Е.Макелькоға, ал ІІІ орын Абай ауданының «Жұлдыз» МБК-нен Р.Азимова, Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясынан Е.Янкеге бұйырды.
«Тілші-әдебиетшілер» сайысы бойынша жүлделі І орынды «Дарын» ММИ-нан Ф.Серікжанға бұйырса, ІІ орынды №2 БИЛ-нен К.Балтабаева мен Шахтинск қаласындағы Ә.Бөкейхан атындағы МИ-нан М.Алхамина, ал, ІІІ орынды Абай ауданы, Дубовка ОМ-нен А.Ыдырысова, Теміртау қаласы №15 гимназиясынан А.Асылханова мен «Мұрагер» ММИ-нан А.Балапанова жеңіп алды.
Өзге ұлт өкілдері арасынан І орынды «Мұрагер» ММИ-нан Р.Хусаинов қанжығасына байлады. ІІ орынды Қарағанды қаласының №66 ОМ-нен П.Коношенко мен Қарқаралы қаласының №2 ОМ-нен А.Марат, ІІІ орынды Н.Нұрмақов атындағы ММИ-нан Д.Мунтян және «Дарын» ММИ-нан Э.Шкраба иеленді.
«Сөз шеберлері» сайысының қорытындысы бойынша І орын қазақ тобынан Бұқар жырау ауданы, Ростовка ОМ-нен Н.Медеттің шеберлігіне берілсе, ІІ орынды Ақтоғай ауданы, Қ.Нұржанов атындағы ОМ-нен Н.Ұзақбек, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы ОМ-нен Д.Балағазина, ал, ІІІ орынды Теміртау қаласы №4 ОМ-нен М.Теміров, «Дарын» ММИ-нан Н.Ботпай мен Қарағайлы селосының №5 ОМ-нен Е.Мұса жеңіп алды.
Өзге ұлт өкілдерінен І орынды Приозерск №2 ОМ-нен А.Ергешов бағындырса, ІІ орынды Абай ауданының №10 гимназиясынан В.Кобзева мен Осакаров кентінің №1 ОМ-нен И.Погодина, ІІІ орынды Қарағанды қаласының №77 ОМ-нен А.Четверик, Қарқаралы ауданының №6 ОМ-нен В.Матычина және №1 БИЛ-нен А.Йолджу иеленді.
«Жазушылар» сайысының қорытындысы бойынша қазақ тобынан І орын №2 БИЛ-нен А.Белгібаева озып шықса, ІІ орын Бұқар жырау ауданының №1 ОМ-нен Н.Төкенов, «Мұрагер» ММИ-нан А.Бәшен, ал, ІІІ орынды №1 БИЛ-нен С.Құрмансейітов, Балқаш қаласының №2 лицейінен Ж.Мұратбекова және Жамбыл атындағы ММИ-нан С.Совет алды.
Аталмыш номинация бойынша өзге ұлт өкілдерінің арасынан Абай қаласының №10 гимназиясынан А.Баладжаева озып шықса, ІІ орын №2 БИЛ-нен Б.Юнусова, ал, ІІІ орын Шахтинск қаласының №2 ОМ-нен И.Шепелева мен Шет ауданындағы Ж.Ақылбаев атындағы гимназиядан М.Макрушина жеңіп алды.
Осы олимпиадада өнер мен білім бәйгесінен озып шығып, қарым-қабілетімен көзге түскен І орын иегерлері алдағы уақытта республикалық кезеңге жолдама алып, бақтарын сонда сынамақшы.
Сәуле ЕДІЛБАЕВА,
«№2 «Білім-инновация» лицей-интернаты»
директорының орынбасары.