Жаңалықтар

Жағдай тұрақталып келеді

Қазақстанда соңғы екі апта эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Тамыз айының басымен салыстырғанда ауырғандар 1,4 есе төмендегенін өткен аптада орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат ШОРАНОВ жеткізді. 

Спикердің айтуынша, өткен айда республика бойынша коронавирус инфекциясының таралуы 17%-ға төмендеген.

– Инфекциялық орындардың қолданысы 56%-дан 36%-ға, ал, реанимациялық орындардың жүктемесі 45%-дан 36%-ға азайған. Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ қазақстандықтарды вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы 12,6 миллион доза вакцина қолданылды. Егу орындарында бірінші компоненттен 1 млн. 540 мың доза, екінші компоненттен 880 мың доза бар, – деді М.Шоранов.

12 қыркүйекте Қазақстанда 3 088 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осы уақытқа дейін барлығы  842 587 адам індет жұқтырып, 762 049 адам жазылып шықты.  10 354 адам коронавирустан көз жұмды.

Басқа материалдар

Back to top button