Жаңашыл мұғалім – бәсекеге қабілетті

    Елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын әлемдік деңгейге жеткізуге үлес қосатын жаңа тұлғаны қалыптастыруда биылғы оқу жылынан бастап барлық бірінші сынып оқушылары жаңа білім беру мазмұнына көшті.

Балқаш қаласы №5 орта мектебінде «Бағалауды ұйымдастыру және əртүрлі тапсырмаларды орындау барысында кері байланыс жасауды тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету» тақырыбында семинар-коучинг өтті.

Ұжымда, топта жұмыс істей алатын, критикалық ойлау және зерттеу дағдылары қалыптасқан, өзін-өзі бағалай алатын оқушы қалыптастыру дағдыларын жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындап отыр. Жаңа бағыттың бірі – критералдық бағалау. Критериалдық бағалаудың мақсаты – оқыту сапасын жоғарлату, оқушының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Осы мақсатта бірінші сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған қалалық коучинг-семинардың бірінші бөлімінде критериалды бағалау бойынша білімнің жаңаруы барысында қалыптастырушы бағалауды жүргізу əдістеріне теориялық тұрғыда түсінік берілді. Екінші бөлімде мектептің бірінші сынып мұғалімдері – Айдана Қынарқызы, Лəззат Науанқызы, Қарлығаш Срайылқызы теорияны практикалық жұмыстармен ұштастырды.

Семинардың соңында қала мектептерінің ұстаздары қалыптастырушы бағалау бойынша білімдерін ортаға салып, əріптестерімен кері байланыс жасап, қатысушылар көзқарастарымен бөлісті.

Ж.МҰХАМЕТЖАНОВА,

5 орта мектептің

мектеп үйлестірушісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.