Рухани жаңғыру

Жаңа нұсқаның тиімділігі мол

Парламентте көптен күткен мәселенің күрмеуі шешіліп, жаңа латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылды. Осыған дейін көңілді күпті еткен «латын әліпбиіне көше қалған жағдайда ертең қанша таңбадан тұратын әліпбиді тұтынуымыз керек?» деген мәселенің басы ашылғандай. Тәжірибелі ғалымдардың еңбегі 25 қаріптен тұратын жаңа әліпби ұсынылды.

Жаңа нұсқаның тиімділігі көп. Біріншіден, құрамында тіліміздің орфоэпиялық әуезділігіне нұқсан келтіріп келген басы артық әріптер жоқ. Екіншіден, бұл нұсқа бұрыннан бері болғандықтан, компьютердің пернетақтасында оңай теріледі. Неге десеңіз, жаңа пернетақта ойлап табудың қажеті жоқ, яғни, бюджеттен материалдық жағынан басы артық шығын шығарылмайды. Бұл болашақта латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің халықаралық кеңістікке жылдам енуіне де мүмкіндік береді.

Аталмыш нұсқаның осылайша қалыптасуына Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан елдерінің тәжірибесі үлкен сабақ болған тәрізді. Ұсынылған жоба көңілден шығады. Енді көп болып, қолға алу ғана қалды. Жаңа әліпби нұсқасын үйрететін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру керек.

 

Жұпар ЖАҚАНОВА,

облыстық тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button