Жаңалықтар

Жаңа маусым – тың тыныс

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының жаңа маусымы ашылмақ. Маусымашар қойылым 16-шы қыркүйек күні сағат кешкі 18:30-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді деп белгіленген.

Мұнда классикалық өнер десе ішкен асын жерге қояр, қанша уақыттан бері карантинге құрсалып, көк жәшіктің саңылауына сығалаумен мезі болған көрерменге әлем классикасының жақұты Имре Кальманның «Сильва» опереттасын тамашалау мүмкіндігі бұйырады.

Спектакль симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен және бас дирижер Рафаэль Хамзиннің жетекшілігімен өтпек.

Қойылымды Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер Юрий Александров қояды. Ал, оның қоюшы балетмейстері Марина Лепилина. Сахнаға әзірлеу мен костюмдер бойынша РФ еңбек сіңірген суретшісі Вячеслав Окунев жұмыс істейтін болады.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button