Зерттеуші — марапат биігінде

     Жуырда белгілі ғалым, зерттеуші Амангелді ТУҒАНБАЙ «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің «Шоқан Уәлиханов» медалімен марапатталды.

   Қарағанды облысы көлемінде алғаш ұсынылған бұл төсбелгі Аман­гелді Нөкербайұлына халықтар арасындағы достық пен ынты­мақтастықты нығайта отырып, классикалық үлгідегі қазақ ақыны Нарманбет Орманбетұлы шығармашылығын терең зерттеп, екі том­дық академиялық жинақ шығарғаны және халық ақыны Кенішбай Жұбандықұлының өлеңдерін жинақтап, оның есімін елге таныту мақ­сатындағы ғылыми еңбегі мен қоғамдық қызметі үшін берілді. Медальді Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Мұхаметқали Баймұханов табыс етті.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.