ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

    Биылғы қыста қардың ерекше көп түсуі, өңір аумағында иесіз су қоймаларының болуы барша тұрғындармен бірге халық қалаулыларын да алаңдатып отыр.

Облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Ш.Осиннің төрағалығымен облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлы мәселелер және экология бойынша тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда су тасқынының алдын алу және табиғатты қорғау шараларының барысы туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша депутаттар алдында Қарағанды облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Р.Төлепбаев және Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы И.Құлшымбаев баяндама жасады.

Комиссия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Төрехан МАЙБАС

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.