Жаңалықтар

Зейнетақы және жәрдемақы жүйесіндегі өзгерістер

2018 жылдың 1 қаңтарынан

зейнетақы және әлеуметтік

жәрдемақы мөлшерінің

өсуі туралы

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда ынтымақты немесе зейнеткерлер өздері еңбектік деп аталатын  зейнетақы 8% өседі, бұл болжанған инфляция деңгейінен 2% -ға артық.

Өзге де жәрдемақы түрлері сияқты базалық зейнетақы 15247 теңгеге дейін көбейеді. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, базалық зейнатақыны қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы көлемі 49 019 теңгені, ал, орташа зейнетақы (базалық зейнетақыны қоса есептегенде) 71 333 теңге болады.

 

 2018 жылдың 1 қаңтарынан

бастап зейнеткерлік жасының

өсуі туралы

2018 жылдың бірінші жартысында 58-ге толатын әйелдерге зейнетақы 58 жас 6 айға жеткеннен кейін, яғни,  2018 жылдың 1 шілдесінен кейін тағайындалады. Базалық зейнетақы тағайындауда олардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілінің жиынтығы және зейнетақы жинақтау қоры жүйесіне қатысуы есептеледі.

Ынтымақты (еңбектік) зейнетақы еңбек өтіліне қарай тағайындалады және толық ынтымақты (еңбектік) зейнетақыны  1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 20 жыл жинақ өтілі барлар алады.

Келесі жылы зейнетке 1960 жылы туған, орташа еңбек өтілі 18 жылды құрайтын әйелдер шығатын болады, ал, 1970 жылы туған әйелдерде еңбек өтілі 10 жылға тең, 1980 жылдары туған әйелдерде еңбек өтілі мүлдем жоқ. Соған сәйкес ынтымақты зейнетақы көлемі жинақтық еңбек өтіліне пропорциональды түрде қысқаратын болады.

Мысалы, егер биыл зейнеткерлікке кететін әйелдің 20 жылдық еңбек өтілі және кірісі 100 мың теңгені құраса, онда оның ынтымақты (еңбектік) зейнетақысы базалықты есептемегенде 60 мың теңгені құрайды.

Еңбек өтілі 15 жыл, кірісі дәл осындай екінші бір әйелде зейнетақы 45 мың  теңгеге тең болады немесе бірінші әйелге қарағанда 15 мың теңгеге кем. Бұл тенденция еңбек өтілі төмендеген сайын тереңдей түседі.

 

2018 жылдың 1 шілдесінен

базалық зейнетақы тағайындау

механизміндегі өзгерістер туралы

Бүгінде ол  еңбек өтілі және зейнетақы жасына жеткен тұлғаның кірісіне қарамастан барлығына бірдей тағайындалады.

Жаңа механизм базалық зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына  дейін азаматтардың жинақтаған еңбек өтіліне, 1998 жылдан кейінгі зейнетақы жинақтау қоры жүйесіне қатысу кезеңіне және жалпыға ортақ бекітілген зейнатақы жасына (58-63/63) жетуіне  қарай тағайындауды қарастырады. Сіздің жиынтық өтіліңіз неғұрлым көп болса, базалық зейнетақыңыздың мөлшері де көбеймек.

Базалық зенйнетақыны тағайындау үшін өтілге1998 жылдың 1 қаңтарына  дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдың 1 қаңтарынан  кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне  қатысу кезеңі есептеледі.

Сондай-ақ, қатысушы өтілге өзге де әлеуметік маңызды кезеңдер – үш жасқа дейін бала күтіміне кету, 16 жасқа дейін мүгедек-баланы күту, дипломаттар жұбайларының шекарадан тыс елдерде тұруы, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жердегі әскерилер, күштік құрылым қызметкерлерінің жұбайларының жалпы 10 жылдан аспайтын сонда тұру кезеңдері кіреді.

Ал, базалық зейнетақылық төлемдер  көлемі сөйте тұра, зейнетақы жүйесіне қатысуы 10 жыл  және бір жылдан кем  немесе ол жоқ болса,  күнкөріс деңгейінің 54%-на теңеседі, ал әрбір 10 жылына оның мөлшері 2%-ға көбейіп отырады және өтіл 33 және одан жоғары болғанда  ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне теңеседі.

Мұндай қадам әлеуметтік әділдікті қалпына келтіреді – адам көп жыл жұмыс істеген болса, соғұрлым зейнетақысы да жоғары. Бұл барлық зейнеткерлерге қатысты. Базалық зейнетақының көлемі  бүгінде азаматтар  алып отырған зейнетақы көлемінен  төмен болмайды.

2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақының  өлшемі 28 284 теңгені құрайды немесе  ағымдағы жылдан екі есе артық.

Еңбек өтілі 10 жыл және кем болса, базалық зейнетақының өлшемі өзгеріссіз қалады.

Мысал келтірейік:

Егер азаматтың  1998 жылдың 1 қаңтарына дейін  20 жыл еңбек өтілі және 1998 жылдан соң 15 жыл өтілі болса.

Мұнда базалық зейнетақы тағайындау үшін өтілдің жалпы жиынтығы 35 жыл (20 жыл еңбек өтілі + 15 жыл зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысуы).

2018 жылдың 1 шілдесінен егер азаматтың  өтілі 33 жылдан асса, онда база­лық зей­нетақының  мөлшері ең төменгі  күн­көріс деңгейі  көлемі немесе  28824  теңге – 100%  құрайды, 20 жыл – ең төменгі күнкөріс дең­гейінің – 74%-ы немесе 20 930 теңге, 10 жылға дейін – ең төменгі  күнкөріс деңгейінің 54%-ы немесе 15 274 теңге.

Бұл өзгерістер бүгінде зейнетақы алып отырған және алдағы жылы зейнетақы жасына келетін облыстың  204 мың зейнеткеріне қатысты болмақ.

Бүгінде барлық зейнеткерлік істер қаралды. Қандай да бір қосымша құжаттар  талап етілмейді, зейнеткерлік істегі және Мемлекеттік корпорацияның Бірыңғай есептік орталығында бар мәліметтер жеткілікті.

Осыған байланысты мемлекет ынтымақты (еңбектік) зейнетақының азаятын бөлігіне өтемақы үшін келесідей шараларды қарастырды:

бірінші, жоғарыда атап өткендей, базалық зейнетақы тағайындау механизмі  өзгерді. Яғни, базалық зейнетақы мемлекеттік бюджеттен 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілінен және зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу кезеңіне орай тағайындалады.

Екінші, зейнетақы жарналарының аударылымын үздіксіз қамтамасыз ету үшін 2014 жылдан бастап, республикалық бюджеттен 1 жасқа дейін бала күтімімен отырған жұмыс істейтін әйелдердің 10% зейнетақылық жарналарын субсидиялай бастады.

Үшінші, жинақ көлемін ұлғайту үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен өз жұмыскерінің пайдасына 2020 жылы енгізілетін шартты жаңа жинақтау зейнетақысы бойынша 5% аударып тұру  міндеттілігін заңнама арқылы бекітті.

Аталған көздерден алатын зейнетақының көлемі әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне  қатысу кезеңіне және зейнетақы жарналарын үздіксіз аударуына  байланысты болады.

Сондықтан, келесі жылдан бастап кезеңмен зейнетақы жасын ұлғайтудағы басты міндет – зейнетақы жинағын ұлғайту  мүмкіндігін ұсыну болып табылады. Ол 2018 жылдан бастап 2028 жыл аралығында 10 жыл бойы, яғни, әйелдерге әлеуметтік қолайлы зейнетақы деңгейін қамтамасыз ету үшін жыл сайын 6 айдан жүзеге асырылады.

 

Әйелдердің ерте зейнеткерлікке шығу мүмкіндіктерін

сақтау туралы

Әйелдердің зейнеткерлікке ерте шығу үшін барлық жеңілдіктер сақталады.

Біріншіден, бес бала туған әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы. Мұнда зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілі жас балаларға күтім жасаған уақыты есептеледі. Бірақ ол жалпы 12 жылдан аспауы тиіс.

Екіншіден, төтенше және Семей ядролық сынақ полигоны аса радиациялық қауіпті аймақта 5 жылдан кем емес тұрған әйелдер 45 жасында зейнеткерлікке шығады (еңбек өтілі 20 жыл).

Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы үшін зейнетақылық жинақ жеткілікті болғанда немесе зейнеткерлік аннуитетті сатып алғанда жедел түрде 50 жаста шығу құқы сақталды.

Зейнетақылық  жинақтауға міндетті зейнеткерлік төлемдер, міндетті кәсіби зейнет­ақылық төлемдер және ерікті төлемдер жатады. Қаражат жетпеген жағдайда үшінші тұлғаның (жары, балалары және өзге де санаттағы) жарналарын аннуитеттік сатып алуды  қолдануға болады.

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеу­меттік қорғау саласындағы

мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға

қатысты өзгерістер туралы

2018 жылдың 1  қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылған бойынша жәрдемақылар және жаңа тәсіл бойынша саналған және 28284 теңгені құрайтын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіндегі өзгерістерге байланысты базалық зейнетақы көбейеді.

Сондай-ақ, аталған күннен бастап, мүгедектерге және мүгедек-балалардың арнайы мемлекеттік жәрдемақысы мүгедектік бойынша базалық әлеуметтік жәрдемақымен біріктірілетін болады. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттарды жинау және тапсыру жеңілдейді. Алатын төлемдердің көлемі азаймағандықтан мүгедектердің құқы бұзылмайды.

Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2405 теңге, толық еңбек өтілінде жасына қарай тағайындалатын ең төменгі зейнетақы 33745 теңге (2018 жылы тағайындалатындар үшін) болатынын мәлімет үшін атап өтеміз.

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және

көші-қон комитетінің  Қарағанды облысы

бойынша департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button