Ресми

Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының құттықтауы

Ардақты ардагерлер!

«Ардагерлер ұйымы» рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің  облыстық кеңесі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген азаматтарды, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерін, Ленинград құрсауында қалғандарды, конц­лагерьлер тұтқындарын,  қан майданда қаза болған және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлерін фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 79 жылдығымен шын жүректен құттықтайды.

Сурет: abai.kz сайтынан

Сол бір сұрапыл жылдары Қызыл Армияның әрбір жауынгері қасық қаны қалғанша Отанын қорғады. Жеңіске жетуге фабрика, заводтарда, Қарағандының жер­асты шахталарында, егістік ал­қаптар мен мал фермаларында күндіз-түн демей жанқиярлықпен еңбек еткен  тыл еңбеккерлері үлкен үлес қосты.

Біз сіздердің жауынгерлік және еңбектегі ерліктеріңізді мақ­­тан тұтамыз.

Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қа­жымас қай­­рат тілейміз.

Оралды ТӨРЕҒОЖИН,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button