ҚарқаралыАймақБас тақырып

«Үздік қымыз» жеңімпаздары биылғы фестивальге келді

Фестивальге былтырғы жеңімпаздар да арнайы келіп, биылғы қатысушыларға қолдау көрсетті. Солардың бірі – Абай облысы, Абай ауданы, Саржал ауылындағы «Жаныс» шаруа қожалығының өкілі Алмагүл Қадырова Мейрамбекқызы. Аталған шаруашылық 2025 жылы өткен «Үздік қымыз» байқауында І орын иеленіп, 20 миллион теңге жүлде алған болатын.

Суретті түсірген автор

– Біз Абай облысы, Абай ауданынан келдік. Былтырғы жеңімпаздар ретінде биыл да осы мерекеге қатысып, өзге шаруашылықтарға қолдау көрсетуді жөн санадық. Мұндай байқаулар бір-бірімізбен тәжірибе алмасуға, ұлттық өнімнің қадірін арттыруға мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз – ата-бабадан қалған мұрамызды барынша насихаттау. Биылғы дайындық та өте жоғары деңгейде өтіп жатыр, – деді Алмагүл Қадырова Мейрамбекқызы.

«Жаныс» шаруа қожалығы биыл фестивальге тек қымыз өнімін ғана емес, ұлттық дүниетанымды танытатын мазмұнды көрме де алып келген. Көрме төрінен орын алған алтын торсық жәдігері көпшіліктің назарын аударды. Сонымен қатар, шаруашылық өкілдері қазақтың тұрмыс-салтымен, дәстүрлі ыдыс-аяғымен және ұлттық мұрасымен сабақтас бірнеше жәдігерді жұртшылық назарына ұсынды.

Алмагүл Мейрамбекқызының айтуынша, мұндай шаралардың мәні жүлдемен ғана өлшенбейді. Ең бастысы – қымыздың қадірін арттыру, ұлттық құндылықты кейінгі ұрпаққа таныту және ауылдағы еңбектің абыройын көрсету.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ақжігіт САҒЫНТАЙ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button