Заңым – заңғарым

Айбыны – асқақ, байлығы ұшан теңіз Ұлы Дала елі. Құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-байтақ өлке. Біз – Ұлы Қазақстанбыз!

Көшіміз – көшелі, бағымыз – бес елі. Ерлігіміз – ерен, тамырымыз терең. Біз – Мәңгілік Елміз!

Салтанатымыз сән құрды, рухымыз жаңғырды. Кемел оймен – бедел биігін бағындырдық. Себебі, Мемлекет басшысы айтқандай, «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді»!

Құшағымыз – кең, құбыламыз – тең. Іргеміз – мықты, босаға – құтты! Ғалам үлгі алатын ғаламат бірліктің бесігін біз тербеттік!

Таңдар – шуақты, бағдар – айқын. Он сегіз миллион халқымызды – он сегіз мың ғалам таныды!

Дәстүріміз жаңылмады, тауымыз шағылмады. Елдік мұратымызды, экономикалық қуатымызды әлем мойындады!

Әуемізде – Әнұран!

Көгімізде – Көк Туым!

Төрімізде – Ата Заң! Қазақстан Республикасының Конституциясы!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.