Жаңалықтар

Заң шығару – маңызды функция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде сегіз мәселеге тоқталды. Оның жетіншісінде Президент: «Жұрт заңдардың кейбір ережелеріне наразылық білдіріп, шағым айтуда. Конституциялық Соттың шешімдері кейбір шағымдардың орынды екенін көрсетіп отыр.

Яғни, заңнаманың жекелеген нормалары Ата заңға қайшы екені анықталды. Бұл келеңсіздіктер құқық қолдану ісінде қиындықтар туғызады. Конституцияға қайшы мұндай нормалар жарамсыз деп танылады» деген еді. Осындай ережелерге сүйеніп қабылданған соттың және басқа мемлекеттік органдардың шешімдері қайта қаралуы тиіс екенін және заңдар Конституцияға толық сай болуы керек екенін айтты.

Әрине, мұндай істе заң шығарушы орган Парламенттің маңызы зор. Заң шығару – мемлекеттің маңызды функцияларының бірі. Басқарудың нақты формалары, саяси режимдер, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетіктері заң шығару қызметінің мазмұнына айтарлықтай әсер етеді. Бұл тұрғыда мемлекеттің заң шығару саясаты туралы айту керек. Бір жағынан ол – мемлекет функцияларының өзіндік көрінісі және нақтылануы, екінші жағынан, олар заң шығару процесін ұйымдастыру саласындағы өзінің имманентті қасиеттері мен саяси және басқарушылық мүмкіндіктерін білдіреді. Мұндай қорытынды заң шығару саласында іске асырылатын құқықтық саясаттың ең маңызды басымдығы –  заңдарды дайындау және іске асыру тетігін қалыптастыру, оның жетекші құрауышы заң шығару процесінің тиімділігін бірлікте және қабылданатын заңдардың іс-әрекетінің тиімділігімен тығыз байланыста бағалау.

Заңнамалық реттеудің кемшіліктері мен тиімділігінің төмен болу себептерін заң шығарушы органдарға жауып қоюға болмайды. Олар көбінесе құқықтан тыс болады және қоғамда болып жатқан процестердің мәнін көрсетеді. Сонымен бірге, заң шығарушы субъектілердің өздерінің ықпалының дәрежесін төмендетуге болмайды, өйткені мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің тиімділігі мен дұрыстығы біздің құқықтық мемлекет идеалына және азаматтық қоғамды қалыптастыруға қаншалықты тез жақындайтынымызды айқындайды. Президент тоқталған осы мәселе өз шешімін табады деген ойдамын.

Алмаз ЖЕКСЕКИН,

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

заң факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары,

философия докторы (PhD)

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button