Жаңалықтар

Заңды бұзған зардабын тартады

    Қарағанды қаласының Октябрь ауданы прокуратурасы 2016 жылдың 12 айында мемлекет пайдасына 129 млн. теңге, оның ішінде 122 млн. 82 мың теңге салық өндірген. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Октябрь ауданының прокуроры Азамат ТІЛЕШЕВ мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алулар жөніндегі келісім шарттарды негізсіз ұзарту деректері анықталып, аталған прокуратура заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде 1 тұлға тәртіптік жазаға тартылып, 3 млн. 153 мың 878 теңге мемлекет пайдасына түсті. Оған қоса 4 млн. 162 мың 265 теңге Қарағанды қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерді жалға беру туралы келісім шарттар міндеттерінің орындалысын талдау нәтижесінде өндірілген.

Аудан прокуратурасы кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 9 жайсыз отбасын анықтаған. Ата-аналары ішімдікке салынып, қараусыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған 17 бала прокуратура қамқорлығында. Анықталған отбасылар профилактикалық есепте.

Жергілікті полиция қызметі туралы заңнаманың орындалуын тексеру барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғаларға бақылу жүргізілмегенін дәлелдейтін көптеген кұқық бұзушылықтар байқалған. Соның салдарынан кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалып, түрлі келеңсіздіктер орын алары сөзсіз. Тексеріс кезінде Қарағанды қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметі басшылығының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, мекеменің 3 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

2016 жылы ауданның денсаулық сақтау объектілерінде тексерулер жүргізіліп, 6505 мерзімі өткен дәрмектер қоймаланғаны белгіленді. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен препараттарды медициналық тұрғыда қолдану турасында 14 факт орын алған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, өндірілген айыппұл сомасы – 445 410 теңге. Сонымен бірге, аудан прокуратурасымен су тасқынына байланысты оң шаралар жүргізілді.

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button