Қызметі жанданды

     “Қазақтелеком” АҚ Қарағанды филиалының жұмысы жақсарып келеді. Теміртау қаласындағы жаңа сервис желісі пунктінің сервистік қызмет көрсетуін қала әкімі Ғалым ӘШІМОВ жоғары бағалады.

– Қазіргі уақытта адамдарға “Қазақтелеком” АҚ сапалы қызмет көрсетуге күш салуда. Сонымен қатар, ірі сауда орталықтарында жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қарағанды облысында бүгінгі күннің өзінде ауқымды істер атқарылуда деді,– “Қазақтелеком” АҚ филиалының бас директоры Б.Аманов.

Жаңа абоненттік қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, абоненттер телекоммуникация қызметтері үшін төлем төлеуге, комиссиясыз қызметтерге қосылуға және компания қызметтері туралы кеңес алуға болады. Арнайы жабдықталған интернет, телеарналық, телефонияның көрсететін қызметтерінің жұмысын жандандырған. Сондай-ақ, орталық агенттік “Қазақтелеком” АҚ Теміртау қаласы бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден-19:00-ге дейін, ал әр сенбі сайын сағат 9:00-ден-16:00-ге дейін жалғасатын болады.

Нұрдос КӘРІМ

ТЕМІРТАУ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.