Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау және қадағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру болып табылады.
Бұл бағытта Агенттікпен және аумақтық департаменттерімен былтырғы жылы жүзден астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Соның ішінде, Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қызмет алушы Приозерск қаласының тұрғыны тұрғын үйді жекешелендіру қызметі бойынша бұзылған құқықтарын көрсете отырып шағым білдірді. Шағымды қарау барысында қызмет көрсетушімен мемлекеттік қызмет көрсету қағида талаптарының бұзылғандығы, яғни қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі келісім шарт уақытылы ұсынылмағандығы анықталды.
Департамент қызметкерлерінің араласуымен қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға қол жеткізіліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Былтырғы жылы Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60 тан астам астам өтініш келіп түскен.
Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.
Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарының куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттікқызмет көрсетуден негізсі бас тартса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне шағымдану арқылы қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.