Спорт
Қытайда күміс еншіледі
Қытайдың Макао қаласында Ушу-Саньдадан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Онда ұлттық құрама сапында қарағандылық спортшылар да өнер көрсетіп, ел намысын қорғады.
Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Әли Ибрагимов жоғары нәтиже көрсетіп, II орынды жеңіп алды.
– Әли 2006 жылы туған, салмағы – 70 келі. Финалда қытайлық спортшыға ұпай санымен жол берді. Бұл – қытайдың ұлттық спорты. Десе де, Әли барын салды. Шамалы ғана ұпай жетпей қалды, – дейді аталған спорт мектебі басшысының оқу спорт жөніндегі орынбасары Жалғас Әубәкіров.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz