Білім

«Ғылымға көңіл бөлсеңіз…»

Парламент Мәжілісінің депутаттары Е.Бөкетов университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

Ашық форматта өткен кездесуде Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов пен Даму комитетінің мүшесі Құдайберген Бексұлтанов жоғары білім мен ғылыми қызметті дамыту жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселеге назар аударды. Профессорлық-оқытушы құрамның сұ­рақтарына жауап берді.

Кездесу барысында депутаттар университет тарапынан бәсекеге қабілетті маман даярлау және ұстаз мәртебесін көтеру жайлы әңгіме өрбітті. Білім сапасын арттыру сынды мәселеге тоқталып, ой бөлісті. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылықты тілге тиек етті. ХХІ ғасырда құлағымыз ілген, көзіміз шалған ақпарат әсеріне ғана сүйенетін болғандықтан, ақпарат ағыны екшеусіз, өлшеусіз жүріп жатқан кезеңде сананың ашықтығын сақтау маңызды екеніне тоқталды.

Депутаттар биология-география факуль­тетінің аумағындағы заманауи жер­асты термос-жылыжайы мен «BIO Humus» ғылыми-білім беру орталығының жұмысымен танысты.

Асхат Аймағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласына ерекше назар аударып, оны дамытуға жыл сайын қомақты қаражат бөлетінін атады.

– Біріншіден, заң жобасында тек ғы­лыми атақ үшін ғана емес, сонымен қатар оқытушылар құрамына да қосымша ақы төлеуге бағытталған норманы енгізу туралы бастама көтердік. Жақын арада осы заң жобасын қабылдауды жоспарлап отырмыз.

Екіншіден, бүгінгі күні Бөкетов университеті өзінің имиджін қалыптастырып, еліміздің көшбасшы жоғары оқу орындарының бірі екенін дәлелдеп келеді. Жоғары оқу орны – ғылым әлеуетін арттыру бойынша кешенді жұмыстарды жүргізуде. Күні кеше термос-жылыжай және дендробақ ашылған екен. Ғылыми технопарк өз құрылысын жалғастыруда. Университет тарапынан жүзеге асырылып жатқан осындай дүниелерге аса назар аударып, басымдық беру керек, – деп атап өтті.

Кездесуде ҚарУ ректоры Нұрлан Ду­латбеков депутаттарға Бөкетов универ­ситетінің баспасынан жарық көрген жазу­шы Медеу Сәрсекенің «Біртуар Бөкетов» кітабын табыс етті.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button