Жаңалықтар

Вокзал екі есеге үлкейеді

    Қарағанды теміржол вокзалы ғимаратын екі есеге үлкейту көзделуде. Бұл жөнінде аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ мәлімдеді.

Ескірген ғимараттың мәселесі осыдан жарты жыл бұрын көтерілген. Қоғамдық кеңестің отырысында қайта қаралып, аймақ басшысы Ерлан Қошанов алда атқарылатын салалы істерге, салмақты жауап қайырған.Талай жылғы тарихы бар Қарағандының теміржол вокзалының ғимаратын жаңарту, үлкейту мақсатында қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігін айтқан.

Қолданыстағы ғимараттың ескілігі мен кескіні, тарлығы жолаушыларға қолайсыздық танытып отыр. Сондай-ақ, облыс әкімі атап өткендей, ғимаратты кеңейту республикалық деңгейде келісіліп, жоспар бекітілді. Бүгінгі күнде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Егер сіз вокзал ғимаратына кірсеңіз, нысанның аумағы тығыз екендігін көресіз. Қысқы мезгілде мүлдем қиын. Ғимараттың құрылысы жүргізілсе, ең әсем ғимаратқа айналарына сенімдімін. Әрине, жобаны іске асыруға аз қаржы кетпейді, – деді спикер.

Сонымен қатар,  Қоғамдық кеңестің отырысында қарал­ған мәселенің сөз жүзінде қалмайтынын тілге тиек етті.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button