Руханият

Валаам аралы

Көрсең көз тоятын көркем табиғатына қарамастан, бұл аралда адам айтса нанғысыз, көрген жан түршігетін, адамшылыққа жат дүниелер орын алған дейді түрлі дереккөздер. Бұл жерге шетелдіктер үшін мінсіз болған Кеңес қалаларының әсем келбетін құртпас үшін Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін жанын емес, он екі мүшесінің бірін берген мүгедектерді әкеліп, адам төзгісіз жағдайда ұстап келген дейді. Ақпараттың қаншалықты шындыққа саятынын білмедік, бірақ, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» демекші, бәлкім, бұл айтылғандарда шындықтың бір ұшығы да бар болар. Егер олай болмаса, суретші Геннадий Добровтың суреттері қалай салынды дейсіз?

Деректерге сүйенсек, мүгедектерді қала аумағынан жаппай шығаруды 1949 жылы, Сталиннің 70 жылдығы тұсында қолға алған деседі. Бәрін емес әрине. Туыс­тары да, тұратын жері де жоқ, омырауы орден мен медальға толса да, көшеде садақа сұрағандарды, туыстары бола қалған күннің өзінде мүгедектігімен сабытын салғысы келмейтіндерді жасырын түрде жаппай ұстап, Валаам аралына жөнелтті. Мүмкін, өліммен бетпе-бет келіп, қорқыныш атау­лыдан ада болғандардан Кеңес үкіметінің өзі де қорыққан болар…

Бүгінде Валаам аралында атау­сыз қабірлер көп дейді. Белгісіз көп қабірдің ішінде тек біреуіне ғана ескерткіш орнатылған. Оны бірнеше жылдан кейін әкесін іздеп тапқан Кеңес Одағының Батыры Григорий Волошиннің баласы орнатқан деседі…

Назарларыңызға суретші Ген­на­дий Добровтың жасырын сал­ған суреттерінің бірнешеуін ұсы­намыз.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button