Қуаныш ақынның шығармашылық кеші өтеді
19 қараша сағат 15.00-де С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында халықаралық, республикалық ақындар айтысы мен фестивальдардың лауреаты, Қазақтың Сары Тентегі, ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың 60 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеші өтеді.
Кеште белгілі айтыс ақындары мен өнер майталмандары ән-жырдан шашу шашып, С.Сейфуллин атындағы театр ұжымы Қуаныш ақынның поэзиясы, бардтық туындылары, шансондары, авторлық әндерінің негізінде дайындалған «Мәңгілік мұңның әуені» атты музыкалық моно-спектакльді көрермен назарына ұсынбақ.
Сол күні сағат 10.00-де Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханада Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Құт» кітабының тұсаукесерімен басталатын мерейтойлық шараларға халықаралық ұйымдардың, республикалық қорлардың басшылары, ардагерлер, белгілі қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары мен ақын-жазушылар қатысады деп жоспарлануда.
Бірнеше күнге жоспарланған мерейтойлық шаралардың түйіні 21 қарашада ақынның туған жері Ақтоғай ауданының Мәдениет үйінде өтетін шығармашылық кешпен түйінделеді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ