Тың бастамалар алаңы

Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсесінің бірлесуімен «Азаматтық бастамалар күні» өтті.

Іс-шараға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Любарская және қалалық мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.

Азаматтық бастамалар күнін аймақтағы жағдайды жақсарту мақсатында ұсынылатын қызықты идеялар және ой-пікірлермен бөлісу алаңы деп айтуға болады.

Қарағанды қаласының тұрғындары спорттық жекпе-жек саласын дамыту туралы ұсыныс білдірді. 200 адам спортпен шұғылданатын мектеп ашылған. Өткен жылдың соңында халықаралық жарыстар өткізілді. Тұрғындардың пікірінше, бұл бағытты одан әрі дамытып, спортшыларды халықаралық жарыстарға шығару керек.

2017 жылы алғашқы халықаралық жарыстар өткізіле бастады. Оған Украина, Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей, Беларусь елдерінен спортшылар қатысқан. Ағымдағы жылы 4 жарыс өткізу жоспарлануда. Жарысқа Бразилия, Молдова, Өзбекстан, Ресей Федерациясының балуандары қатысады. Мұндай іс-шара Қазақстанның халық-аралық деңгейдегі беделін көтереді.

Бұдан басқа, қала тұрғындары білім, мәдениет, жастар саясаты саласындағы өз ұсыныстарымен бөлісті. Жергілікті атқарушы органдар барлық айтылған идеялар мен жобаларды қарастырады.

Қарағанды қаласы әкімінің

баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.