Жаңалықтар

Турнирде – тәртіп сақшылары

Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстың ішкі істер департаменті волейболдан турнир ұйымдастырды. Спорттық шарада аталған мекеменің басшылық құрамы өзара бақ сынасты.

Турнирге 6 команда қатысты. Мұндағы мақсат – тәртіп сақшыларының спортқа бетбұрысын жандандыру. Себебі, мәдениетті, спортқа бейім полиция қызметкері – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Облыстың ІІД басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Омарбековтің айтуынша, департамент саламатты өмір салтын насихаттауға жіті көңіл бөледі. Осындай турнир дәстүрлі өткізіліп келеді.

Нәтижесінде, ІІД басшысы орынбасарларының командасы көш бастады. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының ардагері Б.Бөлекбаев – «Үздік ойыншы», ІІД басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Е.Омарбеков – «Үздік шабуылдаушы», облыстың жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Ж.Жақаев – «Үздік пас беруші» болып танылды.

Жалпы, облыстың ішкі істер департаменті қашанда игі іс-шаралардың бастауында жүреді.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, турнирдің барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар, медальдар мен грамоталар табыс етілді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button