Балқаш

Томография кабинеті ашылды

      Балқаш қаласында құны 71,4 млн.теңгені құрайтын жапондық компьютерлік томография аппараты пайдалануға берілді.

Жалпы балқаштықтар мұндай қуанышқа көптен бері ортақ болып келеді. Мұның алдында диагностикалық орталық ашылған еді.

Балқаш қаласы орталық ауруханасы және «Гиппократ» ЖШС арасындағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында орнатылған осынау қондырғы тұрғындардың денсаулығын бақылауға қолжетімді. Компьютерлік томография көп уақыт алмайды, бар болғаны 5-10 секундтың ішінде аппаратқа түсіріп, диагнозын қоя алады.

Биыл Балқаш қаласының 80 жылдығы. Халық қажетін өтейтін мұндай игілікті шаруалар алдағы уақытта да кең көлемде тындырылады.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button