Спорт

«Тобыл» УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінде

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

 

«Тобыл» клубы УЕФА Конференция лигасының 1/2 кезеңінде ирландиялық Дерри Сити клубымен кездескен болатын. Қос клубтың арасындағы бірінші ойын 1:0 есебімен жерлестердің пайдасына шешілген.

Қарымта ойында қазақстандық клуб сырт алаңда ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Дегенмен, жерлестер пенальти сериясында қарсыластарынан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алды. Енді «Тобылдың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы – Чехиялық «Виктория Пльзень» клубы.

Ирланлдиялық «Дерри Ситиге» қарсы болған қарымта кездесуде матч жеңімпазы пенальти сериясында анықталды. Ал негізгі уақытта ирландиялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Пенальти сериясында Уильям Патчингтің соққысы «Тобылға» жеңіс сыйлады.

Осылайша, жалпы 2:1 есебімен қостанайлық клуб жеңіске жетіп, Конференция лигасының плей-офф кезеңінле өнер көрсететін болды. Қарсылас – чехиялық «Виктория Пльзень».

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button