Балқаш

Тоқсандағы қария дауыс берді

Балқаш қаласының қарт тұрғындары да дауыс беруде. 90-нан асып, 100-ге келген қарттар үйде дауыс беру мүмкіндігіне ие. Әйтсе де сайлау учаскесіне арнайы келіп, бюллетенді өзі толтырып, жәшікке салғандары да болды. Балқаш қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде орналасқан №195 сайлау учаскесіне 90 жастағы қария Қарпық Алдабергенов дауыс берді. Қария ел үшін маңызды саяси науқандарда үнемі өз таңдауын үзбей жасап келген. Ақсақал халықты сайлау науқанымен құттықтады, батасын берді.

Комиссия мүшелері мұнда сайлауға келуші тұрғындардың көп екендігін атап өтті. Әсіресе, сайлаудың алғашқы сағаттарында қариялар да, жастар да саяси науқанға белсенді түрде атсалысқан.
Айта кеткен жөн, дауыс берушілердің дені қарттар. Олардың 40 пайызы өз сайлау учаскелеріне арнайы келіп, таңдау жасады.

Нұрдос КӘРІМ

БАЛҚАШ қаласы

Басқа материалдар

Back to top button