Жаңалықтар

Өткенді білу – парыз

Нұра ауданының тумасы, аудандық мәслихаттың жетекші маманы Айтбай ЗЕЙНІКЕНҰЛЫНЫҢ облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің 2021 жылғы 13 шілдедегі санында жарық көрген «Мақала негізсіз жазылған» деген жазбасына жауап бермесе де болар еді. Бірақ, Көбетей (енем) ұрпақтары «Айтбай ЖҮНІСТЕГІНІҢ мақаласына толық келісеміз» деген соң кеудемізде ашу-ыза, санамызда қарсылық тудырғанын жасырмаймыз.

Басыңа бақ, астыңа тақ берсе, Нұра ауданының тумасы болсаң, аудандық мәслихаттың жетекші маманы бола тұра мешіт имамына әмірі жүрмесе, Наиб имам Исай қажы айтқанын тыңдамаса, аудан мешітінің алқа мүшесі болуды көздеп, сол мешітте жетекші жамағат мүшесі болуды мақсат етіп, осы қызметіне жету үшін басқалардың қолымен арыз ұйымдастырмағанда қайтсін?

Бірінші арызды намазхан Әлшора арқылы бірнеше адамға қол қойдырып, Айтпай мырза өзі тасада қалған. Сырттай біреуге тас лақтыру – бұл. 2019 жылдың маусымында сол арыздың ойдағыдай нәтижесі болмаған соң, екінші домалақ арызды Айткен өзі қолға алады. Аудандық мәслихат жетекшісі, кезінде аудан көлемінде қызметтес болған азаматтардың артына шам алып түсіп, талай домалақ арызын домалатқан «батыр».

Кезінде «Ақжол» партиясының белсендісі болып, елді шулатқан. «Мақала негізсіз жазылған» деп дабыл қаққанның Тінәлі руының Көбетей бидің тікелей ұрпағымыз дегеніне күдігім бар. Айтбайдың мәнерімен жазылғаны көрініп тұр. Жүніс Зейнікенұлы талай арызына бейкүнә адамдарға қол қойдырып алып, зымиян мақсаттарына пайдаланып, біреудің көсеуімен от көсеп, жай қарапайым халықты атыстырып-шабыстырып жүретін, ауыздыға сөз бермейтін, бүгін досың, ертең жауыңа айналып, арызды тұздықтап жазатын елден асқан «өнерлі» азамат. Осындай адаммен бірнеше жыл араласқан күндеріме өкінішпен қараймын. Қарпық шежіресінің авторларымен Ж.Бүкенов, Ж.Жакенов, Т.Исабек, Ж.Бикенұлы және Ж.Мақажанұлымен Алматыдағы Ислам институтының білім жетілдіру курсын оқып келгеннен кейін көп араластым, дәмдес болдым. Жәкеңдермен аудан имамы болған кезде тіпті, жақын болдық. Жәкеңдерді сыйлаймын, қазір арамызда жоқ болса да, халқына, рухани ислам жолында сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Ал, Айтпай Зейнікенұлын мешіт алқасының мүшесі ретінде қабылдауға мен қарсы болдым. Біріншіден – діни сауаты жоқ, екіншіден – мемлекеттік қызметкер. «Ертең мешіт ішіндегі жамағат ауызбіршіліктен айырылып, партия-партия болып, дау-дамай шығуы мүмкін» деп ойладым. Аудан имамын тағайындаған жиналыста жантүршігерлік көрініс – ұлттық салт-дәстүрді сақтамақ түгілі балағаттап, тіл тигізгені, ызалы үні мен налыған дауысы құлағымнан әлі кетпейді.

 

Қариясын құрметтеп, қажыларды ардақтаған ел едік. Күнделікті тіршілікте қилы-қилы жандармен бетпе-бет кездесеміз. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дегендей, адамның сыртына қарап тон пішуге болмайды, оның иманына қарап ишара етіледі. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, жазған арызымен мені, яғни, Исай Әкбар Қажыны мешіттен алыстата алмай, өзі мешіт алқа мүшелігіне бекітілмеген соң, менің аудандық «Нұра», облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газеттеріне жазған мақалаларыма шүйлігіп, екінші майдан ашып, бел шеше кіріскенінен көрініп тұр.

Айтбай мырза! Көбетей бидің ұрпақтары атынан өзіңнің жазғаның білініп тұр. Маған сын айтқан болып, ел азаматтары арасында сына қағуды шебер меңгеріпсің. «Исай Өмірбектегі мен анықтағандай сауаты жоқ, орта білімі де жоқ. Руын айтсақ, руға бөлінгендей боламын, тек Қуандық – Қарпық – Тінәлі емес» деп, Тінәлі ұрпағына жатқызбауды жөн көріпсің.

Руымды білгің келсе, Кереймін. Анам қажының қызы, Хангелді Жәнібектің ұрпағымын. «Тінәлі ұрпағына жатпайды» дегенің, «Исай Өмірбекұлы біздің адам емес, ол кірмені жөнге келтіру керек» деген мағынада нұсқау беріп тұрғандай екен.

Төрт жыл қара өгіздің қаңқасына қарап оқығаныңды «жоғары білімім бар» деп мақтанасың. Ал, менің білімім – өмір тәжірибесі. «Негізсіз жазылған, дереккөзсіз, дәлелсіз» дегенің – оған өреңнің жетпегені ғой. Мен Исай Өмірбекұлы әр жазған сөйлеміме жауап беремін. Дәлелсіз, дереккөзсіз еш уақытта мақала жазған емеспін және жазбаймын. Әр сөйлемнің дерегі, дәлелі болмаса, ол өсекке айналуы сөзсіз. Дәлел және дерек: 1877-1887 жылдары Мәшһүр Жүсіп Сарыарқаны аралап жүріп, шежіре, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. Нұра-Қорғалжың, Есіл бойына бірнеше рет барғанын жазған. Қарпық шежіресі, Тінәлі бөлімі 577-579 бет. Тілеуімбеттен – Қанай. Құрмантай. Өтеміс Көбетей Әулие туралы еш дерек жоқ. Мәшһүр Жүсіптің жазғанына сенбесеңіз, өз еркіңіз.

Екінші дереккөз «Нұра ауданының картасы. Тарихи негіздеме Қарағанды мемлекеттік университеттің ғылыми кеңесі бекіткен. Менің алған деректерім – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресі 1868 жыл. Қарпық шежіресі: Қарағанды облысы, Нұра ауданының топоникалық картасы тарихи негіздеме: Ақмола уезінің мұрағатынан алынған. Ресей империясының қазақ жерін толық жаулап алғаннан кейін құрастырылған. Қазақ тілінде түсініктемесін жазғандар. Т.Аршабеков, Т.Жакин, Жұмабеков «Гласир баспасы 2009 жыл. ХІХ ғасырдың басындағы Нұра өңірін елді мекен, жер-су атауларының тарихи әкімшілік-аумақтық анықтамасы және сұлбалық картадағы кординаты. Нұра өңірін мекендеген рулардың құрамы, көш жолдары жайлау, қыстау ауылдардың қоныстары. Осы кітап ғалымдардың еңбегі өлкетанушыларға, тарихшыларға, гуманитарлық саладағы барлық ізденушілерге, жалпы оқырманға арналған. Тарихи негізде Көбетей – жер атауы, этимологиялық анықтамасы – көбе сөзі мен екі заттың біріккен қосылған жері деп түсіндіріледі. Уезд орталығынан 75 шақырым. Сұлтан Қоңырқұлжа мен Тәуке ханның ұрпақтарынан және олардың Қырғыз, Тарақты, Қыпшақ, Уақ және Төрт ауыл руларынан шыққан төлеңгіттерінен құралған. Қыстақ иесі Машы Орақ отарлық әкімшілік аумағы Ақмола уезі Шерубай-Нұра болысы Дерек көзі (МҚЗП ТомЗ Акмолинский уезд сачть 1 СПБ 1907) Тарихи деректерде Тінәлі – Қарпық көші-қоны жаз жайлаулары Селеті, Шідерті, Өлеңті Есіл, Мойылды өзендері бойымен Қоңырадыр, Қызылжар, Қызылағаш мекендерімен Бүйректалға дейін (Бурк-тал). Мұрағат нұсқасы одан әрі Нұраға қарай, содан кейін қыстауға қайтады. Қыстаулары: Аққұм, Біртабан, Қарғалды көлдері және Қоң өзені бойында. Аға сұлтан полковник Құдаймендин 1991 жылға дейін Шақаманды қалмақ дегенді естігем жоқ. Өзіммен құрдас Шора Бекенұлы көзі ашық, аталарының айтқанын жадында сақтап қалған, ұлттың тарихы мен салт-дәстүрін ардақтай білетін ел азаматы еді. Ата-бабаларымыз «Шақаман» деп жер атын атаса, «бұл тегін кісі емес» деп жүретін. Кейде тарихи нақтылы айғақ пен ауызша шежіренің арасында сәйкес келе бермейтін туыстардың бар екенін ескерте кеткеніміз келеді. Мәселен, тарихи аймақ-дерек «Көбетей» сөзі нақты кісі есімі емес ауызша шежіре «Көбетей» тарихи адам ретінде таратады. Сондай-ақ, шежіре сөздің көп нұсқалы болып келуі де табиғи құбылыс. Тарихтың ақтаңдақ беттері мен беймәлім сырларын ашу, яғни, нақтылы айғақ дерек пен ауызша шежірені шендестіре отырып, шын тарихты тану – ғылыми зерденің міндеті. Өзің айтпақшы, шопыр мен шенеуніктің ісі емес. 63-ке келдің енді орынтағыңды жастарға бер. Білімді, иманды жастар өсіп келеді.

Айтбай мырза! «Мақала негізсіз жазылған» деген еңбегіңде Нұра ауданының «Жаңа жол» және 1994 жылы «Ortalyq Qazaqstan» газетіндегі «Жер аты ел атына сын» мақаланың авторы, марқұм Зекен Әбіш ақсақалдың туындысы екенін, Зекен ақсақал осы мақаланы жоқ жерден шығармағанын, оның туған құдасы марқұм Ошақбай Тағынбаевтан алынғанын растап отырсың. Көбетей әулие баласы Жарлығап Шақаманның қалмақты жеңуі. Қалмақтың Нұра өңірінен үдере көшуі, өзің айтпақшы, Сарыарқаның нулы Нұра бойын жаз жайлауын Қуандық – Сүйіндік болып жайлауын, Айтқожа – Қарпық, Сайдалы – Алтай, Тінәлі Қарпық, Қареке Алтайдың қалың қазақтың ішінде көшіп-қонып жүрген не қылған қалмақ ханы және есімі кім?

Бір емес екі қыс бірге өткізіп, ақыры бәс тігіп, Шақаман батыры мерт болған соң, Нұра өңірінен басқа жаққа көшіп кетуі қалай? Сұрақ көп, негізінде, бұл көркем шығарма сияқты. Келіспесеңіз Қарпық шежіресі, 3-ші бөлім, Тінәлі руына байланысты беттерден оқыңыз. Аманжол Сәдібекұлы туралы білгіңіз келсе, Қарпық шежіресші, 3-ші бөлім, 584 бетте, 2001 жылы Аманжол Сәдібекұлы «Ошақбай Тығынбаевтың өмір және шығармашылық жолдарынан» атты шағын жинақ-естелік кітапшасын шығарды деп тайға таңба басқандай жазулы тұр. Сол бетте Ошекеңнің өмірбаяны жазулы, бірақ, авторы белгісіз. Шақаман елді мекені мен Көбетейдің арасы 15 шақырым. Дін аманда қалайша көріпкелді өзін қалмақтың қасына жерлеуді аманат етіп, қатар қойылды. Айтбай біраз азаматтың есімін жазып, солардың атынан ең соңғы болып қол қоюың – шимайбектердің әдісі. Қарпық шежіресі, 3-ші бөлім, Тінәлі руына байланысты 581 беттен 584-ші бетке дейін оқысаңыз, қандай көзқараста болатыныңыз өз еркіңізде. (Нұра ауданының топоникалық картасы: авторлары Т.Аршабеков, М.Жакин, Жумабеков карта схема Ж.Бейсенов «Гласир» баспасы 2009 ж. Пікір білдірушілер: Тарих ғылымдарының докторы профессор: М.Абдуов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абилов.) Өте құнды дүние. Тарихтың, оның ішінде жай адамдарға беймәлім Нұра өңірінің тумаларына талай ақтаңдақтың бетін, мұрағат материалдарымен мол дерегімен, Нұра өңірінің тарихи процесс аясын қамтитын танымдық мәнімен құнды. «Еліне пайдасы тиген ерлерді айтпасаң, ертең өсетін бозбала бордай езіліп, өз жерінде өгей бала болады» деген екен Мәшһүр Жүсіп. Өкініштісі, осы еңбек бүгінгі күнге дейін еленбей келеді. Бұл еңбектің құндылығы алты аталы Құлымбеттің 61 қыстау атауы, 122 қыстау иелерінің есімдері. Майлы – Айтқожаның 28 қыстақ, 56 қыстақ иесі, Мәмбет ата-бабаларының 16 қыстақ, 32 қыстақ иелерінің есімдері, Сатыбалды ата бабаларының 25 қыстау және 50 адамның есімдері жаз жайлаулары, су көздері, егістіктері шабындықтары көші-кон жолдары картада көрсетілген. Тәуелсіздіктің арқасында өткенімізді біліп, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын күн туды.

Исай қажы ӨМІРБЕКҰЛЫ.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button