Жаңалықтар

Тілсіз жаудан құтқарды

    Есіл өзенін бақылау кезінде Қарағанды облысының құтқарушылары бір адамды құтқарды. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі өту кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы Астана қаласына көшірілді.

Жуырда Есіл өзенін барлау кезінде құтқарушы топ мас күйінде өзенді жүзіп өтпекші болған азаматты аман алып қалды. Зардап шегушіні көре сала, құтқарушылар тобы қайықпен жетті. Бір қызметкер құтқару шеңберін лақтырып, екіншісі суға секіріп, батып бара жатқан жанды жағаға аман-есен алып шықты. Құтқарушылардың жедел әрекет ету арқасында бұл жағдай қайғыға әкеп соқпады.

Жалпы, суға шомылу маусымында құтқарушылар 54 адамды құтқарды, оның арасында 16 бала бар. Шомылу маусымы басталған кезден құтқарушылар жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында көптеген қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатыр. Себебі, аптап ыстықта шомылуға бет алғандардың саны азаяр емес.

Қарағанды облысы ТЖД

Жедел-құтқару жасағы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button