Жаңалықтар

Тергеу аяқталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-не қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларында көзделген бұзушылықтар белгілері бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеп-тексеруге «Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-нің атына Қарқаралы қаласында мамандандырылған техника мен автомашиналарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жеке кәсіпкер А.З.Игликовамен шартты бұзу туралы енгізілген Департаменттің хабарламасының орындалмауы негіз болды.

Тендерлік (конкурстық) шарттарда аудан орталығында мүлікті тұраққа қою және оған техникалық қызмет көрсету үшін өндірістік базаның болуы қажет екендігі көрсетілген. Тендердің көрсетілген шарттары бәсекелестікті шектейді және үшінші тұлғалар үшін артықшылықтар береді, мұны бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылыққа жатқызуға болады.

«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ тергеп-тексеру барысында ЖК А.З.Игликовамен осы шартты бұзып, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылуын мойындады.
«Қарқаралы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-не қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарылды.

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

Басқа материалдар

Back to top button