Теміртау

Теміртаулық әзілкештер Сочиде өткен халықаралық фестивальге қатысты

Сочиде өткен «КиВиН-2019» көңілділер және тапқырлар командаларының 30-шы Халықаралық фестиваліне қарағандылықтар қатысты. Облысымыздың атынан «Джанлуиджи Магнитоffон» Теміртау құрамасы өнер көрсетті. Команданың Ресейге сапарын қала әкімдігі мен кәсіпкерлер қаржыландырды. 


Теміртаулық команда Павлодарда өткен Ертіс Лигасының КВН чемпионатында көзге түскен болатын. Ақтық сайыста жеңіске қол жеткізген «Джанлуиджи Магнитоffон» тобының ойыншылары Халықаралық КВН одағының президенті Александр Масляковтан «КиВиН-2019» қатысуға шақыру алды. 
Фестиваль Сочиде қаңтардың 12-нен 25-не дейінгі аралықта өтеді. Биылғы жылы оған әлемнің түпкір-түпкірінен 600 команда жиналды. 
Сочидегі алаңда өткен дебют сәтті болды. Теміртау құрамасы редакторлық алқаның шешімі бойынша жоғары рейтингті иеленді. Енді команда АМИК КВН Халықараларын Одағының Орталық лигасына қатыса алады. Төрешілер Қазақстаннан келген КВН-шылардың әзілдері өткір, команда құрамасы ерекше және көп ұлтты екенін атап өтті. 
Команданың негізгі құрамы Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің студенттерінен жиналған. Құрама қатарында үш теміртаулық колледждердің студенттері бар: жоғары политехникалық, медициналық және «Мирас». Олардың барлығы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері. Команданың капитаны және әкімшісі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыс істейтін, «Нұр Отан» партиясы филиалының мүшелері Алексей Ли мен Ақерке Ли болды. 
Сахнада өнер көрсетер алдында дебютанттар Көңілділер және тапқырлар қозғалысының сарапшыларынан шеберлік-сыныптарын алып, редакторлармен кеңескен. КВН мектебінің дәрістерінде алдыңғы қатарлы командалар жаңадан келгендермен тәжірибелерімен бөлісті. 
 

Басқа материалдар

Back to top button