Спорт

Теміртаулық тәртіп сақшысы Италиядан алтынмен оралды

Италияның Рим қаласында джиу-джитсудан Grand Slam Rome халықаралық турнир өткен болатын. Байрақты бәсекеде ел атынан сынға түскен теміртаулық тәртіп сақшысы Шыңғыс Ізмұханов өнер көрсетіп, алтынмен оралды.

Суреттер: полиция басқармасынан

Жерлесіміз бұл турнирде 100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Турнирде үш кездесу өткізіп, қарсыластарынан айласын асырған.

– Ақтық кезеңде Ұлыбритания спортшысымен жұдырықтастым. Қарсылас осал емес. Барымды салып өнер көрсеттім, Тәжірибенің арқасында жеңістке жеттім, – деп қуанышымен бөлісті чемпион.

Айта кетейік, Шыңғыс Ізмұханов – самбо, жауынгерлік самбо және ММА спорт түрлерінен спорт шебері. Спортпен жеті жасынан бастап шұғылданып келеді. 15 жасынан бастап дзюдо және самбо секциясына қатысса, кейін есейе кеде жауынгерлік самбоға ауысқан. Осыдан 11 жыл бұрын ішкі істер органына қызметке қабылданып, алғашында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөлімінде қызмет етті. Кейін Теміртау қалалық полиция басқармасына ауысады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button