АймақБас тақырыпТеміртау

Теміртау жастарына ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Теміртау қаласының әкімдігі «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Баспананы Қарағанды қаласында орналасқан бірінші немесе екінші нарықтағы нысандардан таңдап алуға болады.

Сурет: dom.kz

Несие талаптары:

  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6% (алты пайыз);
  • Несие мерзімі – 96 (тоқсан алты) айға дейін;
  • Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10 пайызынан басталады (он пайызынан);
  • Несиенің максималды сомасы – 15 000 000 (он бес миллион) теңге.

Бағдарлама талаптары:

– Қазақстан Республикасының Азаматтығы;

-Бағдарламаға қатысушының жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (болған жағдайда) Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте 35 жасқа дейінгі жасы. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

– Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен бірлесіп ортақ үлестік меншік)болмауы;

– Қатысушының зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталған өтініш беру сәтінде Теміртау қаласында таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі кемінде соңғы бір жыл.

– Өтініш берген сәтте Теміртау қаласында кемінде бір жыл тіркелу.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (балалардың тууы, қайтыс болуы, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені (ерлі-зайыптылықты)бұзу;

2) Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама; (анықтама өтінім берген сәттен бастап күн сайын алынуы тиіс);

3) ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде берілген анықтаманың берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасу және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуға тиіс;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; (қызметтік тізім, еңбек кітапшасы және т. б.);

5) еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;

6) өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне (жұбайына, балаларына)мүгедектігі туралы анықтама (бар болса);

7) ерлі-зайыптылардың екеуіне де соңғы 6 айдағы табыстары туралы жұмыс орнынан анықтама (егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істесе).

8) Тұрғылықты жерінен анықтама.

Өтінімдер 30 мамырға дейін қабылданады.

Мекенжайы: Құрылысшылар даңғылы 47, 200 кабинет. Сағат 10.00-16.00

Қатысушыларға қойылатын талаптар, қажетті құжаттар тізімі, мекенжай, байланыстар және басқа да толық ақпаратты байланыс нөмірі бойынша білуге болады.

Байланыс телефондары:

+7(7213) 900277

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button