Жаңалықтар

Теміртау мектептерінде жарылғыш зат қойылғаны рас па?

Бүгін түнде Теміртау қаласының бірнеше жалпы білім беретін мектептерінің электронды мекен-жайларына хат келіп түскен. Белгісіз адамның айтуынша, мектеп ғимаратында «бомба» қойылған және қарулы адамдар мектептер мен балабақшаларға басып кіреді деп қорқытқан.

Оқиға орынына жедел арнайы мамандар жұмылдырылды.

Аталмыш жағдайға байланысты Полиция қызметкерлері ғимаратты толық тексерді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

– Полицияға жалпы білім беретін мекемелердің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер оқиға орындарына жіберілді. Ғимараттар тексеріліп, жарылғыш құрылғы табылмады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдікті адамды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс – шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды Теміртау қалалық ІІБ.

Аталмыш хабарламаға байланысты Теміртау қаласындағы барлық мектептер мен балабақшалар тексерілді. Еш жерден жарылғыш зат табылған жоқ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button