Қарағанды

Темекі шегу – зиянды әдет

    Қарағандыдағы №15 орта мектепте «Халықаралық темекіден бас тарту»  онкүндігі өткізілді. Жеке тұлғаның денсаулығын сақтау және салауатты өмір салты туралы түсінігін нығайту мақсатында жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырылды.

Онкүндік мақсаты: ағзаға темекінің кері әсері туралы халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру, елде темекі өнімдерінің қолжетімділік мәселесі мен бағасының тиімділігіне жұрттың назарын аудару. Халықты, әсіресе, жастарды темекіні тұтынудың алдын алу жөнінде оқыту және өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы денсаулық сақтауға үйрету көзделді.

Жоспарға сәйкес мектебімізде онкүндікке байланысты стенд жасалып, оқушылар жоспармен 1-11 сынып оқушылары арасында «Темекі  шегу – қауіпті  іс» атты сынып сағаттары өткізілді.

Мектеп кітапханашысы А. Избасарованың жетекшілігімен «Салауатты өмір салты мен темекі зияны» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында кітап көрмесі өткізілді. Осы онкүндік  аясында мектебімізде №66 мектептің волейбол ойыншылар командасымен  бірлескен жарыс өтті.

«Халықаралық  темекіден бас тарту» атымен өткізіліп жатқан онкүндік  жоспарына сай  облыстық наркологиялық диспансердің өкілі Е.Шихатова «Темекі шегу – денсаулыққа зиян» тақырыбында  9-11 сынып оқушыларына  баяндама жасады. Темекіні тұтыну әлемде пайда болған денсаулыққа қауіп төндіретін қатерлердің бірі болып табылады. Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 6 миллионға жуық адамды қазаға душар етеді, соның ішінде 5 миллионы темекі тұтынатындар және бұрын тұтынғандар арасында орын алады. Адамдардың ішінде 600 мыңнан аса адам шылымқор емес, бірақ олар темекі түтінімен дем алғанның нәтижесінде қаза тапқандар екенін айтты.

Биология пәнінің мұғалімі Ардақ Сайынқызы 8 «А» сынып оқушыларымен жоспарға сәйкес «Мен салауатты өмір салтын жақтаймын!» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

З.МҰСАБЕКОВА,

№15 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button