Рухани жаңғыру

Технология тілін меңгеру мүмкіндігі

    …Латын әліпбиіне қатысты атқарылып жатқан жұмыстардан хабарымыз бар, атап айтар болсақ,  Тіл білімі институты латын әліпбиінің төрт нұсқасын әзірлеген. Елбасымыз айтқандай, 2025 жылға қарай латын графикасына толықтай көшу үшін іркіліс болмау керек.

Жаңа әліпбиге көшуіміздің басты қажеттілігі ең алдымен халқымыздың біртұтастығы. Бір ғана мысал келтірер болсам, қазақтардың  біраз бөлігі төрткүл әлемнің әр түкпірінде өмір сүреді. Олардың басым бөлігі кириллица қаріптерін білмейтіні анық. Ал латын қаріптеріне өтсек сол шетелдегі қандастарымызбен емен-жарқын араласа аламыз, құжаттардағы қиындықтарға жол берілмейді. Сонымен қатар, бұл әліпби біздің компьютер тіліне көшуімізге толық мүмкіндік береді. Осы мәселеге орай Елбасы: «Латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға және бізге экономикалық және ғылыми кеңістікке енуге оңай болады. Бұдан қашып құтыла алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан, біз осыған ұмтылуға тиіспіз. Бірақ бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен келуіміз керек» деген болатын. Шынында да бұл қаріптер біздің технологиялар тіліне жетік болуымызға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұрпағымыздың шетел тілдерін, соның ішінде қазіргі үштұғырлы тілдің бір бөлігі болып есептелетін ағылшын тілін еркін меңгеруге жағдай жасайды. Осындай артықшылықтарға ие латын қарпіне көшуді кешеуілдетпеуіміз керек.

Руза АЛДАШЕВА,

«Құрыш қала KZ» газетінің редакторы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button