«Талды-әлемдік өркениеттер тоғысында» фестивалі өтті

Шет ауданында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Талды-әлемдік өркениеттер тоғысында» атты халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтті.

Фестиваль Талды тарихи-археологиялық паркі ескерткіштерінің бірегейлігін паш етіп, облыстың тарихи-мәдени мұрасын танымал ету арқылы туристер тартуды мақсат етті.

Шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстаннан белгілі ғалымдар арнайы келіп конференция өткізсе, ҚарУ-дің археолог зерттеушілері өз ойларын ортаға салды.

Фестивальда  ұмыт қалған ұлттық тағамдар көрмесі,  ұлттық киім тігу мен қола еріту және қыш ыдыстар әзірлеудің шеберлік дәрісі ұйымдастырылып, қонақтар ат жегілген арбамен серуен құрды. Садақ атып, қазақи ит пен жыртқыш құстар көрмесін аралап, лазерлік шоу тамашалады.

Шара түрлі көрмелер мен шеберлік сабақтарымен жалғасты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.