Тәжірибе алмасты

Білім беру саласы еліміздің әлемдік өркениетте лайықты орын алуын қамтамасыз етеді. Бүгін біз экономикалық саясаттың жаңа бағыты қалыптасып жатқан жолда тұрмыз және заманауи білім беру жүйесін осы жолға бағдарлаудамыз. «Әлемнің өзгеруімен, біз де өзгереміз» деген ұстаныммен Қазақстаның түпкір-түпкірінде жаңа технологиялар заманауи білім беру жүйесіне кірісіп кетті. Сонымен қатар, осы жолда ұстаздар жаңа білім беріп қана қоймай, тәрбиеге де баса назар аударуда. Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, бірінші оқушылардың тәрбиесіне көңіл бөліп отыру керек. Осы тұста жаңа форматтағы ұстаздарды даярлау мақсатында түрлі курстар өтуде. Біздің бір апталық курс «ҚР-ның орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру бағдарласымен танысу» деп аталады. Оған облыстың аймақтарынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Бізге жетекшілік еткен – білікті ұстаз Төлеубеке Байжігітова. Білім саласында он екі жыл ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта Қарағандыдағы ПШО филиалдық бөлімінде тренерлік қызметте. Бұл курста ұстаздар тәжірибе алмасады. Курстардан шыңдалып қана қоймай, жас ұрпаққа ұстаздық етуге күш-жігер жинақтайды.

Алтын ШОХИНОВА,

Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.