Жәдігер

Тұғырын тапқан теодолит

Ғалым Қаныш СӘТБАЕВТЫҢ теодолит құралы өзінің есімін иеленген қаладағы №27 орта мектептің «Сәтбаевтану» музейінде тұр. Оны осы ғасырдың басында Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясының ұжымы тапсырған.

Бірден айта кетейік, бұл экспедиция болашақ ғұлама ғалым Қарсақбайда іргетасын қалаған геологиялық бөлім базасында құрылған. Ал, кен құрамын анықтайтын «Том» теодолит құралын жас геолог күнделікті қызметінде қолданған. Зертханадан жырақта жүргенде кездестірген кен орнында қандай элемент барын білу үшін ол бұл жабдықты жата­жастана талай пайдаланған шығар?! Осы музейдегі сирек жәдігер – «Тасқұдық» кен орнының сызбасы 1931­-1934 жылдары сызылған. Мұны сызғанда да ғалым аталған құралды кәдеге жаратуы әбден мүмкін.

Әлібек ӘБДІРАШ,

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button