Жаңалықтар

Төтенше жағдайдың алдын алды

    Өткен екі күнде 19-20 ақпан аралығында облыстың төтенше жағдайлар департаменті 79 адамды қар құрсауынан құтқарды.

ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, бөлімшелер жүргізген жұмыс төтенше жағдайлардың болмауына септігін тигізді.

Мәселен, Жезқазған қаласының маңында – 9 адам, Қарқаралы ауданында 43 адам эвакуацияланған. Теміртау қаласы аумағында – 14 адам, Сәтбаев қаласы мен Осакаров ауданының әрқайсысында екі-екі адамнан құтқарылған. Сондай-ақ, Бұқар жырау ауданында қар құрсауынан 5 адам шығарылса, Нұра ауданында мұндай көмек 4 азаматқа көрсетілген.

Қарлы боранда көмекке мұқтаж болғандардың барлығы – автокөлікпен жолға шыққандар. Олардың арасында бірнеше бала бар.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуы жағдайында алыс жерлерге жолға шығуды уақытша шектеуге шақырады. Сонымен қатар, автокөліктің техникалық жарамдылығын тексеріп, дауыл туралы ескертулер мен ауа райының тосын мінезін ескеру қажеттілігін айтады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button