Жаңалықтар

Төрт бағыттың игілігі: облыс өңірлері 4G кең жолақты интернетке қол жеткізеді

2017 жылдың 12 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл бағдарламадан Қазақстанда үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу боларын күткен еді ел. Бұл қатарға 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын өзге де бірқатар басымдық берілген салаларды дамыту керек. Осындай индустриалды игіліктер қазірдің өзінде дамыған ел экономикасының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.

Цифрлы Қазақстан

Ә деген бетте жоба басты төрт бағыт аясында іске асатын болатын. Ең бірінші бағыт – ауылды аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жоспары. Кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі, тіпті, шалғай ауыл-аймақтарда интернетке қолжетімділікті арттыру күн тәртібінен әлі түспей келеді. Республика аумағында орта білім беру мекемелерінде интерактивті тақта орнату, компьютермен жабдықтау қолға алынды. Қарағанды облысының өзінде 2018-2021 жылдар мұғдарында аталған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуде екі ірі республикалық жоба іске асырылды. Бірінші жобада облыстың 47 ауылдық елдімекені талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз етілген – 151 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекеме қосылған. Екінші жобада өңірдің 70-ке тарта ауылы үшінші, төртінші буындағы мобильді кең жолақты интернетке қосылды. Бұған дейін Ақтоғай ауданының Нарманбет, Қошқар, Ақжарық, Қарқаралы ауданының Көктас, Шет ауданының Ақой және Батық ауылдарының тұрғындары ұялы байланыспен қамтылып, енді осы өңірлерге төртінші буын (4G) кең жолақты интернет қолжетімді бола түспек. Осылайша, кенді аймақтың 350 елдімекенінің 220-ы, яки, ауыл халқының 91,3%-ы кең жолақты интернетке қосылды.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button