АймақПриозерск

Түбіртекке де жүлде бар

Приозерск қаласында «Түбіртекті талап ет, патриот бол!» акциясының жеңімпаздары анықталды. Бір ай көлемінде дүкендерден сатып алған өнімі үшін түбіртек талап еткен қала тұрғыны марапатталды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ереже бойынша тұрғындар қаладағы сауда орындарында қандай да бір тауар сатып алу кезінде түбіртекті талап ету шарт болған. Бұл жолы бір ай ішінде ең көп түбіртек жинап үлгерген және ең көп сомасы бар түбіртегі бар Айгүл Алтаева жеңімпаз атанды.

– Акция ережесі оңай. Кез келген дүкенде сатып алған тауар үшін түбіртек талап етесіз, кейін осы түбіртекті арнайы комиссияға ұсынасыз. Көбінде техника құрылғыларын сатып алғанда чек талап еткенмін. Аталмыш шара қарапайым халықтың салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өтіп жатыр. Себебі, сатып алынған әрбір тауардың түбіртегі оның сапасына кепіл болып, саудагерлер жұмысына бақылау жүргізе алады, – дейді жеңімпаз Айгүл Алтаева.

Айта кетейік, акцияға қала тұрғындарының қызығушылығы күн санап өсуде. Осыған орай сыйлықтардың құны да әр ұтыс сайын ұлғая түспекші.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button