«Құстар – біздің досымыз»
ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» атты бағдарламасы аясында сәуір айында халықаралық құстар күнін ұйымдастыру дәстүрге айналған. Жуырда аталмыш шара аясында Қарағанды қаласы №86 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының арасында «Құстар – біздің досымыз» атты акция өтті.
Акция мақсаты – балалардың жыл құстарының тіршілігі, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін толықтыру, логикалық ойлау, қызығушылықты арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ең бастысы – балаларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Акция кезінде бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер байқауы, құстар туралы өлеңді мәнерлеп оқу сайысы, «Құстарға-жемсауыт» атты байқауға қатысты. Бастауыш қазақ сыныптарының мұғалімдері Г.Сәбитова, А.Нұрмаған, З.Мұқашева, Г.Қабылова, С.Шопаева, З.Біләлова, С.Нұрмағанбетова, А.Мағдатова, Г.Касаинова ерекше жауапкершілікпен қарап, жұмыстары өте нәтижелі болды. Осы күні балалар ата-аналарымен әртүрлі заттардан құстарға жемсауыт жасап, ағаштарға орнатқаны ғажап әсерге бөледі.
С.НҰРМАҒАНБЕТОВА,
№86 орта мектептің мұғалімі.
Қарағанды қаласы.