Жаңалықтар
«Соны ішеді дей ме, осы?..»
Ақтоғайлық ақын Қайрат Иманбектің топтама өлеңдері Қазақ радиосынан оқылады. Ауылда шөп шауып жүрген бір сыныптас досы Қайратты танып, әкесіне айтса, «Алматыда Қайраттың өлеңдері қайдан жүр?» деп әкесі сенбей қойыпты.
Өлең оқылып болған соң, жүргізуші «тыңдағандарыңыз ақтоғайлық жас ақын Қайрат Иманбектің өлеңдері» дегенде, кластасы әкесіне:
«Айттым ғой, біздің Қайрат» депті.
Сонда әкесі:
«Әй, соны ішеді дей ме, осы?» деген екен…
Жазып алған Жәлел ШАЛҚАР.
Ortalyq.kz