Руханият

Соғыс қаруы

Газеттің 17 наурыз күнгі (№31) санында «Сауалына – жауабы» айдарында «Зергер құралы» тақырыбымен сауал жолдаған едік. Сауалға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып жолдаған – Балқаш қаласының тұрғыны Жақсыбек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ.

«Әртүрлі сәндік бұйымдарды жасағанда зергерлер дәнекерлеу әдісіне жиі қолданатын бұл күнге дейін маңызын жоймаған құрал «Іскенже» деп аталады. Оны ағаш немесе мүйізден әзірлеген. Өйткені, қымбат бағалы металлдардан жасалған зергерлік бұйымдарды өңдегенде болат қысқашпен қысса, нәзік бұйымның бетіне дақ түсіп, сыны бұзылған. Бабаларымыз тұтынған осы бір қарапайым құралы зергерлер үшін бірнеше ғасырдан бері қолданылып келеді» делінген хатта.

***

Келесі сауалымызға назар аударыңыздар.

Орта ғасырдағы шапқыншылық кезінде тас атқыш құралдар пайдаланылыпты. Бұл қандай құрал?

Сауал сырына үңілген

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button