Спорт

Словения-Қазақстан: 21 жастағы қарағандылық футболшы дебьют жасай ма?

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 топтық кезеңдегі шешуші ойынын өткізеді. Отандастарымыз сырт алаңда Словения құрамасымен кездеседі. Осы ойында қарағандылық «Шахтер» футбол клубының шабуылшысы Иван Свиридов ұлттық құрама сапындағы дебютын өткізуі мүмкін.

Сурет: Футболшының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Өткен аптаның соңында ұлттық құрама өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңген болатын. Осы ойында қарағандылық клубтың 21 жастағы шабуылшысы алаңға шығады деп жоспарланған. Алайда, оған бірнеше себеп болды.

– Сан-Мариномен өткен ойын бізге оңай болмады. Мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрмыз. Жаттықтырушы ретінде тәжірибе жинап, үйренуге тырысып жатырмыз. Иван Свиридовқа келетін болсақ, оның жағдайы жақсы. Негізі ол, Сан-Мариномен өткен кездесуде шығуы керек болған. Бірақ, Александр Зуевтің ауысуы бар, Бағдат Қайыровтың жарақаты бар, бәрі кедергі болды. Ертең алаңға шығып қалуы да мүмкін. Әрине, алаңдағы ойынға байланысты. Бізді өте қызықты ойын күіп тұр, – деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button