Әскери қызметке сақадай сай

    «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде қолбасшылық құрамындағы бөлімдер жауынгерлерінің апталық жиыны өтті.

Жиында әскери бөлімдердің техник мамандары әскери техниканы басқару, күту мен жөндеудегі білімдерін шыңдады. Дәрістер барысында берілген тапсырмаларды орындау арқылы біліктілік деңгейін көтеріп, далалық жердегі ұрыс жүргізу шеберлігін пысықтады. Әскери техниканы уақытылы және сапалы жөндеуде оңтайлы және жедел әдістерді меңгеріп, бұзылған көлікті эвакуациалау, оны ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстау тәсілдерін үйренді.

Жиын соңында жоғары шеберлігімен көзге түскен қызметкерлер «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Марат Аймашевтің мадақ қағаздарымен марапатталды.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.