Ресми

Синоптиктердің болжамы бойынша аймақта ертең де боран болмақ

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті аймақта ертең де  боран соғып, жел күшейетінін мәлімдеді. Кеше, 10 қаңтарда Қарағанды облысының аумағындағы автожолдардың жабық учаскелерінде қалып қойған 200-ден астам жолаушы  эвакуацияланды.

Сурет: kt.kz сайтынан

– 12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында екпіні  18 м /с дейін жететін қарлы боран болады деп күтілуде, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖ департаменті елді мекендерден тыс жерлерге бармауға, автожолдардың жабылған учаскелерінде көлік құралдарының кептелісін болдырмауға және мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы дәмханаларда күтуге қатаң кеңес береді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button