Руханият

Шуағын төккен көктем

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. «Күлімдеген көктем шуағы» жобасына мұрындық болған қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қазыбек би және Октябрь аудандарының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері.

15 наурыздан бастау алып, бір аптаға созылған қайырымдылық іс-шарасында барлығы екі мыңға жуық адам қамтылды. «Империя», «Абиба», «Ложка», «Ансар» және басқа да дәмхана мен мейрамханаларында мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арнайы дастарқан жайылды. Онда ұлттық салт-дәстүрдің қойылымдары көрсетіліп, сыйлықтар таратылды. «Саңыраулар мәдениет үйінде» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып аниматорлардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Үйде әлеуметтік қызмет алушыларға «Сарыжайлау» кинотеатрына бару мүмкіндігі жасалды. Жалғызбасты зейнеткерлерге де арнайы дастарқан жайылып, концерттік бағдарламалар қойылды. Сонымен қатар, шараны ұйымдастырушылар көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға азық-түлік түрлерін апарып, біраз жанның алғысын алды.

Қаланың ірілі-ұсақты кәсіпорындары мен ұйымдары, мемлекеттік мекемелер де шараға атсалысып, үйден әлеуметтік көмек алатындардың шаңырақтарына барып, құттықтап, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Жансая Омарбекова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button