Үштілді оқыту – қоғам талабы

   Мемлекеттік және өзге тілдерде сөй­лейтін жан-жақты мәдениетті және білікті тұлға тәрбиелеу мақсатында «Бала­қай» балабақшасында «Үштілділік – мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты мәдениеттілік тәрбие беру құралы» атты семинар өтті. Балабақша әдіскері (осы жолдардың авторы) экспериментті енгізу жоспары және іске асыру мерзімі туралы баяндама ұсынды. Ересек топтың балалары «ЭКСПО-ға қош келдің, Робик!» атты ұйымдастырылған оқу түрін ұсынды. Сабақта балалар интерактивті технология­ларды қолданып, ана тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеу дағдыларын көрсете білді. Педагогтер ағылшын тілін оқытуды «ЭКСПО» көрмесі негізінде зерделеп, технологиялық карталар және перспективалық жоспарды құру бойынша шеберлік сабақтар өткізді. Тіл меңгеру бойынша оқыту әдістемелері қатарына жұмыс дәптері, тілдік оқыту әдістемесі ұсынылды. Семинарға Қарағанды облысының 30-дан астам балабақша директорлары және әдіскерлері қатысты. Семинар жоғары дең­гейде өтіп, қатысушылар пікір алмасты.

Құралай ХУСАЙНОВА,

«Балақай» балабақшасының әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.