Шетелдік көліктерді заңдастыру уақытша тоқтатылды
Қарағандыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтары шетелдік көліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдауды уақытша тоқтатты.
Деректерге сүйенсек, бұл процесс техникалық ақаулардың шығуынан болған көрінеді.
– Көлік құралдарын тіркеу ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта жауапты мамандар жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жүйе қалыпқа келтірілген соң қосымша хабарланады, – дейді ХҚКО мамандары.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz