Жаңалықтар

ШЕТ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ САТЫП АЛУЛАРЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕУ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру тендерлеріне жүргізілген талдау шеңберінде “Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі” ММ қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында көзделген бұзушылық белгілері бойынша тергеуді аяқтады.


“Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі” ММ атына енгізілген Департаменттің Қарағанды облысының Шет ауданында орналасқан коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шартты бұзу туралы хабарламасын орындамау үшін тергеу жүргізу негіз болды.

Тендерлік шарттарда мүлікке қызмет көрсету үшін өндірістік базаның болуы қажет екендігі көрсетілген. Осындай талап Кәсіпкерлік кодекстің 194 бабына сәйкес бәсекелестікті шектейді және үшінші тұлғаларға артықшылықтар береді.

Тергеу нәтижелері бойынша “Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі” ММ-не қатысты бар бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарылды.

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

Басқа материалдар

Back to top button